Koshpendiler : : Халық сазгерлерінің әндеріҚұлагер. Жел соқса қамыс басы майда деймін,Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылың болды, Жығалмаса Құлагер қайда деймін. Ор болып қалушы еді шапқан жерің, Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің. Атығай Қарауылға олжа салған,Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.Құлагер құнанында керім еді,Нағашым сұрағанда беріп еді. Ат қоса Ерейменге барғанымда,Бір сыпшы көзі шыққыр көріп еді.* * * * *Сырымбет. Ауылым қонған Сырымбет саласына, Болдым ғашық ақ сұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым- ай,Бөктергіге қор болып барасың ба?Қ а й ы р м а с ы: Қарындас- ау,Енді, есен бол- ау. Ауылым қонған Сырымбет жел жағына, Артық туған бала едің ел бағына. Бидайыққа лайық дейтін, сәулем, Бөктергінің іліндің тырнағына.Қ а й ы р м а с ы. Алтын қайық жарасар күймесімен, Наздана алмас сұлу қыз сүймесімен. Бешпентіңді беріп кет түймесімен.Қ а й ы р м а с ы.* * * * *БалқадишаҚызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша, Бұралған белің нәзік тал — Қадиша. Жиылған осы тойға қалың қыздың, Ішінде қара басың — хан, Қадиша,Қызы едің Ыбырайдың, Балқадшиа, Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша. Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың, Боласың қандай жанға жар, Қадиша.Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша, Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша. Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.* * * * * Қараторғай. Здесь можно скачать бесплатно песню Chaoticcanineculture - Fnaf 4 Song Кыз Kazmusic Kz · Касым Аманжолов Озим Туралы · My Party Alora Remix '12. Здесь можно скачать бесплатно песню Ninety One Zaq - Адасуда и другие Ерлан Рыскали - касым Аманжолов Озим Туралы · Akord - la Multi Ani By. Келеді қараторғай қанат қағып,Астына қанатының маржан тағып. Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің, Айрылдым қапылыста сенен нағып.Қ а й ы р м а с ы: Қараторғай,Ұштың зорға- ай. Yeh jawani hai deewani songs download free jawaani mp3 song 2013. қазақстан отан туралы өлең. қасым аманжол cкачать скачать туралы өзім.Бейшара, шырылдайсың,Жерге қонбай. Ертістің аржағында бір терең сай, Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай. Ағаштың бұтағына қонып алып, Сайрайды, таң алдында қараторғай.Қ а й ы р м а с ы.* * * * * Ләилім. Есен- аман жүрмісің, Ләйлім шырақ? Жаңа таптым аулыңды көптен сұрап. Жел тимесе жан тимес деп жүргенде, Қол ұстасып житпенен кеттің жырақ. Аққу едің таранған айдындағы,Үштың ұзап қанатың жайдың- дағы. Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың,Қол алысқан сертіңнен тайдың- дағы. Осылай ма еді, ей, қалқа, айтқан сертің, Жүрегімді жандырды ғашық дертің! Мұнша неге сен мені әуреледің,Болмаған соң әуелде баста еркің?!* * * * * Әудем жерӘудем жер жүре алмаймын аяғымнан, Ұстаймын екі қодлап таяғымнан. Сайраған орта жуздің бұлбұлы едім, Кәрілік келіп қалады қай жағымнан.Қа й ы р м а сы: Сәулем- ай, а- ау, уаһау,Қай жағымнан,Шіркін- ау, қай жағымнан.Қалу- қалу қила ләлу,Қалала, лаллу ей, еһей ей- ей- ау.Әудем жер жүре алмаймын белім ұйып, Кім тілер кәрілікті жанын қиып. Тиынды біреу берген олжа көріп,Жүремін жас кісідей дуние жиып.Қ а й ы р м а с ы.* * * * * Маңмаңгер. Мацмаңгер кекілің күлте, жалың майда, Байлаған сені сылап қалқатай да. Жүресің желмаядай жануарым,Көрейін қызығыңды осындайда. К а й ы р м а с ы: Ахау, туган елім,Балаң едім.Өзіңе осынау әнді,Ала келдім. Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,Дер екен қалқа қалай келісіме. Сыдыртып, маңмаңгермен келе жатып, Осынау ән күйіндіріп түсті есіме.Қ а й ы р м а с ы. Маңмаңгер, кекілің күлте, жалың майда, Бал татыр қант қосса қағаз шайға. Кісіден анау- мынау жалтару жоқ,Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем қайда.Қ а й ы р м а с ы.* * * * * Алтыбасар. Ей, қалқа, жан туған жоқ сенен асар,Бұл күнде кетіп сәулем, халім нашар. Айрылып сенен, сәулем, қайтқан түні,Әніне бір басайын, Алтыбасар. Ей, қалқа, жүруші едің күліп- ойнай,Ойнаушы ең өзің тиіп ерікке қоймай. Жігіттер, жалған жардан үміттенбе, Кететін басқаменен сертте тұрмай. Келуші ем кеш болғанда көңілім түсіп, Ежелден қадырлестік бірге өсіп. Астынан ақсақлақтың аттандырып, Қалушы ең қолды қысып, есендесіп.* * * * * МақпалҮйірі қысырақтың мақпал қара,Шашыңды күндіз жу да, түнде тара. Алыстан ат аямай келгенімде,Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара!Үш жүзге атым мәлім Ақан сері,Келгенім Мақпал қыздың туган жері. Алыстан ат сабылтып келдім іздеп,Бір көріп қайтайын деп, Мақпал, сені. Біз қайтып елге таман бастық қадам, Сымбатың хатқа сыймас айтсам тамам. Ей, қалқа, мұнша неге зарланасың,Елге алып қайтпас па едім келсе шамам. Біраз күн Дөнетінге салдым салық, Артымда зарланамын Мақпал қалып.
0 Comments
Leave a Reply. |
AuthorWrite something about yourself. No need to be fancy, just an overview. Archives
March 2017
Categories |